$ 494.87  520.65  4.91

«Ауадан ақша жасап жүр»: Бір әнді бірнеше әншіге сатқан адамға іс қозғалды

Кейбірі қыруар қаражатқа клип түсірген.

Қазақстандық бір топ әнші жалған композиторға алданғаны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жәбірленушілердің айтуынша, шығын көлемі 10 миллион теңгеден асуы мүмкін.

Алданғандар арасында Асхат Тарғын, "МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов те бар.

Әншілердің айтуынша, өзін "ақын, сазгермін" деп таныстарған ер адам бұрыннан айтылып жүрген бір әнді 10 адамға сатып, жұлдыздарды ұятқа қалдырған. 

"Қысқасы шоу-бизнесте бір алаяқ жүр. Қалай алдандым? 

Ол маған өзі шықты, сөзін жіберді, әнін жіберді, демо версиясын. Сөйтсем, ол ақын да емес, композитор да емес. Ешқандай да өнер адамы емес. Жай ғана ауадан ақша жасап жүрген адам екен. 10 шақты ән. Сол 10 әнді айналыдырып-айналдырып, бүкіл Қазақстанның әншісіне сатып жатыр", - дейді әнші Перизат Алпыс. 

Әншілердің айтуынша, күдікті өнер адамдарына өзін "сазгер", "ақынмын" деп таныстырып, кейін дайын әндерін жібереді. Бағасы арзан болғасын, бірден сатылады. Бірақ түбінде ол туынды өзге адамға тиесілі болып шығады екен. 

"Ертеңінде хабарласты да, "Аға, ақша керек болып тұр, балам ауырып жатыр, кеше сіз берген ақшаңызға дәрі алып тастадым, енді процедурасына ақша керек болып тұр еді, қиналып тұрмын, осы 30 мыңмен тоқтайық. 80 мың болады ғой сізге" деді. 

Ақша бердім. Сөйтсем, бұл ән Мұраттың өзінің ән қоржынындағы бұрын орындалған ән екен", - дейді әнші Асхат Тарғын. 

Кейбірі тіпті қыруар қаражатқа клип түсіріп тастаған көрінеді. 

"Бауырластарым" деген ән бар. Өздеріңіз білесіздер, "қойшы бала" атымен танымал болған Айдос Кәден деген інім бар. Қазіргі сәтте өзім продюсерімін. "Бауырластырым" деген әнді екеуіміз жаздық, студияға барып, одан кейін ауылға барып клип түсіріп тастадық. Міне, 3-4 күннің ішінде шығады. Жалпы сома "Бауырластар", "Әйелдер" клипіне 2 миллион теңге кетті. Міне, осылай алаяқ алдап отыр. Қаншама адамға сатқан", - дейді әнші Қанағат Меченбай. 

Күдікке ілінген ер адам журналистермен кездесуден бас тартқанымен кінәсін жоққа шығармаған, алайда "бір әнді 10 адамға сатқан" деген айыптауға еш қатысы жоқ екенін айтқан. 

"Енді оған менің қатысым жоқ. 10 адамға сатқаныма. Кінә жоқ демеймін. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды ғой. Менен де біраз қателік болды", - дейді күдікке ілінген ер адам. 

"Алдандық" деген әншілер жалған сазгердің үстінен ұжымдық арыз түсірген. Қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

"Барлық мән-жайы және құқықбұзушылықтың, қылмыстың орын алу тізбегі міндетті түрде анықталып, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген барлық тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Алматы қаласы полиция депаратментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Дереккөз: КТК 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары