28.05.2024, 12:40

«Өте ауыр, сырттан білінбейді»: Нұрлан Еспанов ұлының кітап жазғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/ espanov_olzhas

Ешкім бал жеп жүрген жоқ.

Танымал әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов ұлы Олжас Еспановтың өнерге келуіне қарсы болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Оян» бағдарламасында айтып берді.

«Баламның «Ол – жас махаббат» деген кітабы шықты. Жақсы жұмыс істеп жүрді де, жақында маған келіп, «ән айтамын» деді. Содан менің «Сағыныш» атты әнімді айтып шықты», - деді әнші.

Эстрада жұлдызы бастапқыда ұлының шығармашылықпен айналысқанын қаламаған болып шықты.

«Негізі өнер жолы – өте ауыр жол. Ешкім бал жеп жүрген жоқ. Халықтың көңілінен шығу, сенімін ақтау оңай емес. Сырттан білінбейді, ал ішінде жүрсең, өте ауыр. Ән жаздыру, ән табу, ақынға бару, көпшілікпен араласу, халықтың алдына шығу өте қиын. Сол себепті мен баламды өнерден алыстатқанмын», - деді Нұрлан Еспанов.