Техникалық жағынан өздері реттей алмай жатқандықтан, халық Садраддинді күтіп қалмасын деп уақыт созып арасына қайта бір ән жібердік.
Ақтөбе қаласының әкімдігі әнші Sadraddin-нің "ұйымдастырушылар көп ән айтқызбады" деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші Sadraddin Telegram-дағы арнасында кішігірім пост жариялады. Себебі оның тыңдармандары Ақтөбе қаласында өткен "Күшіміз бірлікте" атты концертте 2-3 қана ән айтты деп реніш білдірген көрінеді.
"Ақтөбе, сәлем! Бүгінгі қайырымдылық концертте ұйымдастырушылар көп ән айтқызбады маған", - деп желіде жазба қалдырған.
Осы орайда, Ақтөбе қаласы әкімдігі жағдайдың қалай болғанын түсіндірді.
"Керісінше, бұл әншінің ән айтқаны бізге де, халыққа да жақсы. Ұйымдастырушылар келгенін, ән айтқанын қалады. Ол жерде техникалық ақау өздерінен болды. Ұйымдастырушыдан кінә жоқ. Сол әншінің продюсері ме, директрисасы ма, қасындағы қызметкерінің ноутбугіне бірдеңе болып қалып, әндерін қоса алмай қалды.Техникалық жағынан өздері реттей алмай жатқандықтан, халық Садраддинді күтіп қалмасын деп уақыт созып арасына қайта бір ән жібердік. Садраддин неге олай "ұйымдастырушылар айтқызбады" деп жалған жазып айтып отырғанын түсінбей отырмыз", - деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.