Жесірлерге қиын мұны көру.
"Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының актрисасы Дана Тұрарбек күйеуі сыйлаған су жаңа көлікті оқырмандарына көрсетіп, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
17 жыл күткен мәһр! Асыл жарым тосын сый жасап, көлік сыйлады.
Алғашқы тұлпарыммен құттықтап қойсаңыздар болады. Қалай болғанын сториста айтып беремін. Баршаңызға жұғысты болсын, - деп жазған өнер иесі.
«17 жыл бұрын сіз екенсіз гой махрге машина сұрап бастаған», «Жесірлерге қиын мұны көру», «17 жыл бұрын машина, квартира сұрағандар бар ма? Біз ол не екенін де білмедік, әрең алтын жүзік деп айттық, онда да кымбат сұрадым ба деп ұялып», «Балаларыңызбен такси алмай қойғаны есімде. Игілігіңізге мініңіз», - деп әр түрлі пікірлер жазды актрисаның оқырмандары.