Кісі қызығарлықтай, адам сүйсінерліктей. Ұзағынан болсын!
Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожаның туған күні дүркіреп өтті. Өнер иесінің туған күніне достары қымбат әрі ерекше сыйлық жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әбдіжаппар аң аулағанды ұнататын сыйайлы. Соған орай достары оған аңға шығатын көлік тарту еткен. Бұл туралы әншінің әпкесі Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Көлікті сатып алу үшін достары небары үш күннің ішінде 25 миллион теңге жинаған.
"Туған күніңмен, жаным! Сен бар адамға қажылыққа жолдама, көлік, телефон сияқты үлкен заттар сыйлайсың туған күнінде. Саған не сыйларымызды білмей сасқалақтап жүрсек, достарың ұйымдасып аяқ астынан туған күнге шақырды. Одан бәрі жиналып, аңға мінетін көлік сыйлап жатыр. Не деген адалдық?! Кісі қызығарлықтай, адам сүйсінерліктей. Ұзағынан болсын! Жасың құтты жас болсын! Мақтанатын, марқаятын сәтіңде осы достарың бірге бөлісе берсін, алыстамасын! Ғаламның бар ғажабын тілеймін!" - деп жазған ол.
Сонымен қатар жұлдызды жігіттің әпкесі оқырмандарынан тілек тілеуді өтінді.
Сіздер де тілек арнап қойыңыздар! Көлік те, адам да тозады, қартаймайтын көңіл ғана!