$ 494.87  520.65  4.91

«Құлағанымда достарым менсінбеді»: Әнші Нұржан Қалжан қиналғанын айтты (ВИДЕО)

Бір кездері ауылға қайтып, мал бағамын деген ойлар келді. «Кетемін» деп ауылға қайтқанның өзінде жатқызбады.

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен танымал әнші Нұржан Қалжан шығармашылық жолындағы қиындығы туралы баяндады. Ол тіпті өнерге оралудың неліктен қиын екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші «Хабарlike» бағдарламасында айтып берді.

«10 жылда мен құрылысқа немесе басқа жұмысқа кеттім дей алмаймын. Өнердің бір шетінде жүрдім. Ортасына түскен жоқпын, оны мойындаймын. Бір кездері ауылға қайтып, мал бағамын деген ойлар келді. Өйткені өнерден көңілім қалғандай болды. «Кетемін» деп ауылға қайтқанның өзінде жатқызбады. Тыңдармандарым тойларына, қуаныштарына шақырып алды. Содан тойға барып, ақша тауып жүрдім. Өнерге оралу өте қиын. Тіпті қасыңдағы өнер адамдарының өзі сенің қайта шықпауыңа әрекет жасайды. Мысалы, биіктікті де көрдім. Әнім танымал болып, күнде қуанышқа, күнде мейрамға барғанда қасымда өнердегі 10-20 досым жүрді. Төменге құлаған сәтім де болды. Ол жақтың да, бұл жақтың да дәмін көрдім. Құлаған шағымда жаңағы достардың бірі де қалмады. Ол өмірдің заңдылығы да шығар. Бірақ сол өнердегі достарым мені көріп қалса, менсінбеушілікпен қарай бастады», - деді Нұржан Қалжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары