Шалыс басқан жігіттердің барлығы Бишімбаев болып кетіп жатыр ғой.
Атышулы «Қалаулым» жобасының қатысушысы, белгілі блогер Ислам Алтайбаев экс-жұбайы Шынар Медженованы неліктен ұрғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол отбасылық жағдайы, бұрынғы әйелімен қарым-қатынасы туралы тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында баяндады.
«Біздің ұрыс-керісте айтуын айтып шығып кеткен кезім де, жылаған сәт те, түрлі жағдай болды. Менің қол көтергенім — солардың шарықтау шегі болды. Кейбір қыз-келіншектер ер адамның көзі көрмей қалатындай дәрежеге жеткізеді. Мен соны Шынардан көрдім. Мүмкін, менің де кінәм бар шығар. Сол уақытта солай екіге кеткеніміз де дұрыс болған шығар. Болмаса, бұдан да үлкен дүниеге ұшырап қалатын едік. Құдай сақтасын, Бишімбаевтың жолын жалғастырар ма едік?! Шалыс басқан жігіттердің барлығы Бишімбаев болып кетіп жатыр ғой. Бірақ, ол қоғамда бар нәрсе, өзімнің де басымнан өтті. Негізі әйел адамға қол көтерген дұрыс емес», - деді Ислам Алтайбаев сұхбатында.