$ 480.63  535.13  5.27

Желіде Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосы тарады

«Көзілдірік кигені де аумайды».

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Әлеуметтік желіде атақты әнші Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшілік келіншектің халық әртісіне қатты ұқсайтынын айтып, таңданысын жасырмады.

Әншінің ұлы Диас Абылаев әлгі видеоның көріп, өзі де таңқалған. Ал видеодан сырт келбеті Нағима Есқалиеваға ұқсайтын келіншек көрінеді. Оған балалары концертте тосынсый жасаған екен. Сүйікті әртісін сахнадан көрген келіншек қуанып кетеді. Диас аталған видеоны анасына жіберген. Ал халық әртісі өзіне ұқсайтын әйелді әзілмен қабылдапты.

«Анама бұрын-соңды ешкім бұлай ұқсамаған. Дәл өзі сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар, ұқсай ма?», – деді әнші.

Мұны көрген көпшілік пікірін жарыса жазды.

 «Мінезі де ұқсайтын сияқты», «Көзілдірік кигені де аумайды», «Расымен сіздің анаңыз емес пе?», «Өзі сияқты ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары