$ 479.38  531.63  5.27

«Алланың нығметі»: Мұстафа Сандал қазақ қыздарын мақтап, жігіттерге үндеу жолдады (ВИДЕО)

Қазақ жігіттері, сіздер бақыттысыздар!

Фото: instagram.com/mustafasandal24
Фото: instagram.com/mustafasandal24

Түрік әншісі Мұстафа Сандалдың қазақ қыздарын мақтаған сәті түсірілген видео желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші концертінде қазақ жігіттерінің жолы болғанын айтқан.

“Қазақ қыздарының еті тірі. Олардың шашы, дене бітімі – бәрі керемет. Қазақ қыздары осындай. Сол үшін қазақ жігіттері, маған олай қарамаңдар. Қазақ жігіттерінің жолы болған. Қазақ жігіттері басқа қыздарды көрмегени соң түсінбейді. Тек көрген соң түсінеді. Сондықтан қазақ жігіттері, сіздер бақыттысыздар. Қазақ қыздарының қадірін біліңіздер, бағалаңыздар. Қазақ қызына үйлену – Алланың сізге берілген нығметі", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары