$ 445.66  474.58  4.78

Белгілі қаламгер Қалихан Ысқақ дүние салды

Бүгін белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалихан Ысқақ 80-ге қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қалихан Ысқақ 1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін, Мәскеудегі Мемкино жанындағы режисерлер мен сценаристердің жоғары курсын бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында бөлім меңгерушісі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының үшінші шығармашылық бірлестігінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, М.Әуезов атындағы Академиялық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.

Прозашы, драматург, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық Жамбыл атындағы әдеби сыйлықтың, Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары