Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны жүктеп, ғашығын жұртпен таныстырғандай болды.
Отандық актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Ол ғашығымен түскен видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көптен бері жүрегін жаулаған ер азаматты көрсетпей жүрген Айжұлдыз желі оқырмандарын таңғалдырды. Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны жүктеп, ғашығын жұртпен таныстырғандай болды.
Енді жасырудың қажеті жоқ, - деп жазды актриса.
Оқырмандары қуаныштарын жасыра алмай, жастарға бақыт тілеп жатыр.
"Біреуі батыр, біреуі тұнған өнер. Қасиеттерін қуаттар, қанат берер бақытты жұп болыңдар", "Біз білдік", "Сендер үшін қуаныштымын", "Бақыт тілейміз", " Бұл да мобилограф па?", "Қыран өзі сияқты біреуді тапты", "Сәкен, бағың бар екен", - деп жазды жұрт.