Серік Шәріп сүйіктісінің аккаунтын белгілеп, оқырмандарына көрсетті.
Қалың көпшілікке Shakenti лақап атымен танымал болған Серік Шәріп сүйіктісін көрсетіп, туған күтінмен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Серік Шәріп сүйіктісінің аккаунтын белгілеп, оқырмандарына көрсетті.
“Мен сені сүйемін! Туған күніңмен!" – деп жазды актер.
Желі оқырмандарының арасында Шәріптің бұрынғы қарым-қатынасына қатысты да ойын айтқандар табылды.
“Екі жас бақытты болсын!”, “Say Mo-ны айта бермеңдерші”, “Мамаң мақұлдап, келісімін берді ме?”, “Ене мен келін айқасы тағы басталып жүрмесін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Актер пікірлердің ешқайсысына жауап берген жоқ.
Еске салайық, 2020 жылы актер Шәріп Серік пен әнші, рэпер Say Mo некесін қиған. Алайда көп ұзамай ажырасып кетті.