$ 494.87  520.65  4.91

«Құмар ойынын ойнау - ауру»: Жазира Байырбекова жаман әдетке әуестерді сынады

Оларға берген көмек суға ағып кеткендей болады. Олар қателігін мойындамайды.

Фото: zhazira_bairbekova
Фото: zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде маңызды мәселені көтеріп, оған қатысты ойын айтты. Өнер иесі құмар ойындарына түбегейлі тыйым салуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова құмар ойындары туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Эстрада жұлдызы оның салдарынан бүгінде көптеген отбасы зардап шегіп отырғанын алға тартты.

"Негатив жазғым келмейді. Бірақ, қаншама отбасы зардап шегіп отырған мәселе. Бірі айтса бірі үнсіз басынан өткеріп жүр. Құмар ойынын ойнау - ауру ма, әдет пе білмеймін. Құмар ойынын ойнайтын адамдардың белгілері қандай? Олар қоя ала ма? Мен білетін ондай адамдар (кімнің атында болса да) үй, көлік, жер бәрін ойынға салған. Әлі де ерік берсең сала бермек. Олар үнемі айналасына шағымданып жүреді. Оларға берген көмек суға ағып кеткендей болады. Олар қателігін мойындамайды. Аянышты көрінуге тырысады. Меніңше мұндайларға көмек- тек құмар ойынына тыйм салу", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары