2019 жылы 9 маусымда некеміз қиылған.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қазіргі күйеуі Нұржан Иманәлиевпен неке қиғанына 5 жыл толып отыр. Ал ақын бұл күні жұбайынан сыйлық дәметкен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы психолог-коуч әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін біздің отбасымызға 5 жыл толады…2019 жылы 9 маусымда некеміз қиылған. Нұрекеңнен бүгін 9 маусым қандай күн деп сұрамаймын ба…Сөйтсем жексенбі ғой дейді. Ал мен бүгін күні бойы не сыйлайды екен деп ұйықтамай шықтым», — деп жазды ол.