$ 480.55  533.75  5.36

«Орану – ойыншық емес»: Алтынай Жорабаеваның келіні хиджабын шешкендер туралы сөз қозғады

Қасиетті құрандағы орануға қатысты аятты біліп отырып, "оранбаса жәннаттың иісі мұрнына да бармайды" деген сөз жүрегіме инедей қадалды.

Фото: instagram.com/ ayauka_zhorabayeva
Фото: instagram.com/ ayauka_zhorabayeva

Эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева хиджабын шешіп тастағандар жайлы ойын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Алланың қалауымен хиджабқа (орану) келгеніме 9 жыл болыпты. Толық дайын болып келдім деп ойлаймын. Өйткені тұрмысқа шыққанда күйеуіме "болашақта орамал тағамын" деп айтқанмын.

Орану – ойыншық емес. Әрі оны өзге жанға тықпалау дұрыс емес. Мен қанша жыл орамал тағып жүрсем де, дін туралы ештеңе айтқан емеспін.Өйткені пәлен жыл діни білім алған ұстаз емеспін. Орамалды әр әйел өз қалауымен тағуы керек", - деді Аяулым Жорабаева. 

Ол сонымен қатар, хиджаб сөзінің мағынасын түсіндіріп, орану - арабтану емеc екенін жеткізді.

Ешкімді сынауға құқығымыз жоқ. Хиджабтың аудармасы: “жабыну, орану” деген мағына береді. Оны тек арабтар ғана емес, әлем мұсылман әйелдеріне міндеттелген дүние. Арабтану деген – қате”, – деп жазды ол.

Осы тұста Аяулым Жорабаева орамалда жүру оңай емес екенін және жауапкершілігі көп екенін де жазды.

“Бұл тема қайдан шықты?! Оранып, сосын оны шешкен соң қайта әурет жерлерін түк болмағандай көрсете салу. Соларды көріп жүрегің ауырады екен. Олай ешкімді сынамасын, өте қорқынышты. Орамалды көтеріп жүру оңай емес, өйткені жауапкершілігі көп. Орамалдылар да пенде, оларда да эмоция бар, олар да қателеседі. Періште көкте ғана, жерде періште жоқ. Әйел адам намаз оқып жүріп, Қасиетті құрандағы орануға қатысты аятты біліп отырып, "оранбаса жәннаттың иісі мұрнына да бармайды" деген сөз жүрегіме инедей қадалды. Намаз оқып бастаған соң, 4 жылдан кейін ғана орамал тақтым, – деп жан сырын ақтарды желі жұлдызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 41
Күлкілі 15
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары