Қызымды түсінуге тырысамын, өйткені әйелдік болмысқа салынып, маған ренжуі де мүмкін.
Белгілі бизнесмен, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов бірінші некесінен дүниеге келген балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал кәсіпкер Forbes Kazakhstan арнасына сұхбат беріп, өміріндегі өзгерістер жайлы сыр шертті.
Алагөзов продюсер Баян Мақсатқызна үйленгеннен кейін балаларымен араласпай кеткен еді. Бүгінде қарым-қатынастары ретке келгенін айтты.
“Балаларыммен ара-қатынасымыз өте жақсы. Қызымның жасы – 33 те. Ұлым маусым айында 28 жасқа толады. Екеуі де ересек адамдар. Қызым тұрмысқа шықты. Баласы бар. Өзінің отбасы бар. Ұлым Мәскеуде тұрады. Қызым Амман қаласында тұрады. Мен жаман әке болмадым. Қызымның сыныбына өте көп көмектестім. Ата-аналар комитетінің төрағасы болдым. Бизнестерімді қайтып алғаннан кейін қарым-қатынасымыз да жақсара түсті. Қызымды түсінуге тырысамын, өйткені әйелдік болмысқа салынып, маған ренжуі де мүмкін. Уақыт өте келе бәрі қалпына келді. Ұлыммен күн сайын сөйлесеміз. Немерелерімді көріп тұрамын. Қызым балалы болғанда мен қонақ болып барып қайттым”, – деп жан сырын ақтарды кәсіпкер.
Сонымен қатар кәсіпкер жастық шағын есіне алып, қай кезде көп ақша тапқанын айтып берді.