13.06.2024, 12:40

«Айтуға құқылымын!»: Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі жанайқайын жеткізді

Фото: stan.kz коллажы

Блогер дәлелдері бар екенін алға тартты.

Танымал журналист-блогер Нұрила Ақберген жеке өмірі жайлы айтқандарын жоққа шығарғандарға жауап жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұрынғы күйеуі, "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлынан 6,5 жыл бірге тұрған өмірінің 5 жылында зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген болатын.

Оның бұл сөзіне"Меломен" тобының тағы бір  мүшесі Қайрат Мырзаханов досы жайлы айтылғандарды  «шындыққа жанаспайды» деген еді.

Ал бүгін блогер өзін қорлатудан шаршағанын айтып, дәлелдері бар екенін алға тартты.

Қашан әйелді ақымақ етіп, өзі ақылды болған еркекті көрдіңіздер?! Мен оны 6,5 жыл бойы көрдім! Шыдауға міндетті емеспін!

Айтуға құқылымын! Қорлатпаймын! Қорлатудан шаршадым!

Мен өзімді қорғаймын. Ақталуға міндетті емеспін! Бірақ, маған қара күйе жағудан шаршамасаңыздар, менде дәлел фото-видео бар, - деп жазды блогер.