$ 494.87  520.65  4.91

«Жыладым»: Нұрболат Абдуллиннің хит әнін жазған ақын оған ренжулі екенін айтты

Нұрболат Абдуллиннің "Сен қорқақсың" деген әнінің қаламақысына 20 мың теңге алдым.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Бірнеше өнер иелерінің әніне сөз жаған ақтөбелік ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әнші Нұрболат Абдуллинге өкпесі барын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мен барынша арлы болуға тырысамын. Ешқашан "маған осындай ақша бер, мен осындай өлең жазып беремін" деп айтып көрген емеспін", - дейді Ершат Қайболдин.

Бұдан бөлек Ершат жерлесі Нұрболаттан хит өлеңі үшін бар болғаны жиырма мың теңге алғанын айтты. 

"Нұрболат Абдуллиннің "Сен қорқақсың" деген әнінің қаламақысына 20 мың теңге алдым. Бірден берген жоқ. "Хит болып кетсе, беремін, еңбегіңді жемеймін" деді. Бұл тойларға шығып, хит болғаннан кейін берген ақшасы. Жыладым", - деді ақын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 15
Күлкілі 28
Ашулы 48

Серіктес жаңалықтары