14.06.2024, 17:20

«Есін жиса түсінер, санаңа берсін»: «Меломеннің» әншісі әйеліне жауап берді

Коллаж: sn.kz

Өнер иесі шындықты айту үшін, үлкендердің сөзіне тоқтап отырғанын жасырмады. 

“Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы “зорлық-зомбылық көрсетіп, ұрып-соқты” деп айыптаған әйеліне жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сұхбат берейін десем керек емес, ұят болады, ол да қазақтың қызы обал болады деп ұстап отырғандары ай. Есін жиса түсінер, санаңа берсін, - деп жазды ол.

Cонымен қатар, ол ісі енді психолог, коучтармен болатынын жазды.

"Осындай тап-таза, нұрлы кезің болғанда бұлай сөйлемес едің ғой. Аман бол! Енді ісім психолог, коучсымақтармен болады", - деп жазды әнші.

Бұған дейін, әншінің бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген әлеуметтік желіде соққыға жығылғаннан кейінгі видеосын жариялаған болатын.