$ 478.96  533.03  5.22

«Тірі аңыз»: Арман Дәулетьяров 94 жастағы Бибігүл Төлегенованың батасын алды (ВИДЕО)

Ол жанқиярлық пен адалдықтың үлгісі.

Коллаж: sn.kz / @arman_dav
Коллаж: sn.kz / @arman_dav

Продюсер, тележүргізуші Арман Дәулетяров қазақстандық опера әншісі Бибігүл Төлегеноваға қонаққа барды. Ол жұлдыздың үйіне барған видеоны Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дәулетяров бейнероликке жазған жазбасында Бибігүл Ахметқызы Төлегенова-шығармашылығы ұрпақты шабыттандыратын және біріктіретін тірі аңыз екенін айтты.

"Ол жанқиярлық пен адалдықтың үлгісі. Астанада өткен кездесу ұмытылмас әсер қалдырды және менің жолымның дұрыстығына күш пен сенімділік берді. "Айман Ана" атты алғашқы кітабымды оған сыйға тартып, оның батасын алу мен үшін ерекше құрмет болды", - деп жазды Арман Дәулетяров

Оның айтуынша, бұл сәт ұрпақтар арасындағы байланыс пен дәстүрлерді құрметтеудің символы ретінде мәңгі жүректе қалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары