16.06.2024, 04:30

«Құдай қандай шебер?»: Роза Әлқожа бір өлімнен аман қалғанын айтты

Фото: roza_alqozha инстаграм парақшасынан

«Қыздар» деп айқайлап ем, қыздар дереу шықты.

 

Танымал әнші Роза Әлқожа Қарағанды қаласында тоқтаған қонақүйінің өртке оранғанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, таңғы 5 те қонақүй өртке оранған. 

Таңғы бесте Қарағандыға жетіп, ылғи түсетін қонақүйге келсек, түтіндеп жатыр екен. “Қыздар” деп айқайлап ем, қыздар дереу шықты. Содан өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды оятып әбігер басталып кетті. Көмекшім иіс шығып жатқан бесінші бөлменің барып есігін ашып көрейін деп қояды. “Жоқ” дедім. Мына иіс оңай емес, демек от кәдімгідей күш алып тұр. Сен ашсаң атылуы мүмкін” деп бастым. Ресепшндегі қызға “счетчикті” сөндіруін өтіндік. Өрт сөндірушілер де көп ұзамай жетті. Көліктерді алғызып, күзетші құсап алаңдап жүрміз. Дәл сол өртенген қабаттың үстінде бүгін тойы болатын екі жас бар екен. Фотосессия жасауға келген. Таңғалып оянып, тәубасын айтып жатыр. Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда бөлмелерге де әсері тиген екен… Ал мен соның жанынан бөлме алған ем… Көз алдымызда өрт те, оның иісі де күшейіп жатты. Дәл осы уақытта Қарағандыға жеткізіп, сәл кешіктірмей қонақүйге кіргізіп тұрған құдай қандай шебер?! Бізді де бір бәледен сақтап тұр ғой сонда?! Жол жүріп кеше де, бүгін де ұйықтамаған адам, жүрек тарсылдап, біраз уақытқа дейін басыла алмадық, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің амандықтарын тілеп, меймандарды аман алып қалғанын жарыса жазып жатыр. 

“Сіз бармағанда адамдар тірі қалар ме еді?”, “Құдай бар тілегеніңізді берсін!”, “Ауа райы қолайсыз болып, найзағай түскен шығар”, “Қауіп-қатерден сақтасын!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.