$ 494.87  520.65  4.91

«Менің күнәларымды алып кетеді»: Ерке Есмахан жағымсыз пікірлерді қалай қабылдайтынын айтты

Ол тіпті жазылған жағымсыз пікірлердің пайдасы бар екенін айтты. 

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Ерке Есмахан instagram парақшасында оқырмандары қойған сұрақтарға жауап беріп, өзіне жазылатын жағымсыз пікірлерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол тіпті жазылған жағымсыз пікірлердің пайдасы бар екенін айтты. Дегеніменен оның айтуынша, жаман пікірлерден қарағанда жақсы сөздер де көп.

"Хейт болсын, онсыз қызық емес қой және көз тимейді. Ол адам менің күнәларымды алып кетеді. Пайда! Жаманнан жақсы сөз көп негізі. Менің көзім тек әдемілікті, жақсылықты, махаббатты көреді.

Біреу не дейді, не жазды дегенге мән бермеңіздер. Өйткені өмір қысқа, уақыт аз. Ғаламның ғажаптарын сезінуге ұмтылыңыздар", - деді әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары