Біреуге "былай өмір сүр" деп айтудың алдында өзіңнің өміріңе қара. Содан кейін ақыл айт.
Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында Айнұр Тұрсынбаева туралы сөз қозғады. Айтуынша Тұрсынбаеваға ақыл айтқаннан гөрі ақын болған көбірек жарасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Отбасының құндылығы - сыйластық. Ер азамат өз міндетін, әйел өз міндетін атқаруы керек. Балаларға кішкентай кезінен тәртіпті, тәрбиені (бере білу керек - еск.). Отбасының құндылығы ауызбіршілікте. Әйеліңе баларымның анасы деп қара. Өзің үшін өмір сүр (дейді әйелдерге - еск.). Әйел қалай өзі үшін өмір сүреді? Өмірге бала алып келдің бе, сенің өмірің, сенің жауабың осы балада. Баланың азамат болып өсуі, қыздың ұрпақ тәрбиелейтін ана болып өсуі әйелдің қолында. Бала-шағаң үйде қарны ашып отырғанда, тапқан-таянғаныңды қалай үстіңе жабыстырасың?! Ол таза топастық қой, адамдарды адастыру. Өткенде бір жігіттің әлеуметтік желіден сөзін көріп қалдым: "Айнұр Тұрсынбаева деген ақын қызымыз бар ғой, ақын ретінде мен оны жақсы сыйлайтынмын, тыңдайтынмын. Сол ақын болып жүре беруі керек еді. Бір келіншек Айнұр Тұрсынбаеваның уағызын сатып алып, соны оқып, алпыс мың теңгеге ішкиім сатып алыпты" дейді. "Соның ақшасын төлемей қарызға алыпты. Төлей алмай жүр" дейді. Жігіт "Айнұрды тыңдап, қымбат ішкиім кие ала алмайсыңдар, қымбат ішкиімді Айнұр киеді, ондайларыңды қойыңдар" дейді. Ұят қой, кім кімге ақыл үйреткендей қазір?! Біреуге "былай өмір сүр" деп айтудың алдында өзіңнің өміріңе қара. Содан кейін ақыл айт. Ол (Айнұр Тұрсынбаева - еск.) неге әйелдерді жолынан адастырады?! Отырып алып, ешкімнің біреуге ақыл айтуға құқығы жоқ. Бірінші өзіңді жөндеп ал. Бір Айнұр ғана тиісті дүние емес", - дейді әнші.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Әкімдерің вертолетпен жүре ме?»: Белгілі әнші Ақтөбенің жолдарын айтып күйінді