18.06.2024, 10:40

«Димаш тойға шығып жүр»: Желі қолданушысы әлемдік жұлдыздың отырыста ән айтқанына ренжіді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Тойларда ән айту сенің дәрежең емес. Оян, Димаш.

Әлеуметтік желіде танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің тойда ән айтқан видеосы тарады. Димаштың ән шырқап тұрғанын парақшасына жүктеген желі қолданушысы оның бұл әрекетіне көңілі толмайтынын айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Димаш тойға шығып жүр. Бұл тірлігі үшін ұялмай ма? Концертіне толық зал көрермен жинай алатын адам мұндай отырыстарда ән айтпауы керек. Әбден көңілім қалды", деп жазды ол. 

Аталмыш видеоға пікір жазушылардың ойы екіге бөлінді. Бірі шынымен бұл әрекеті дұрыс емес десе, енді бірі жақын досының үйленіп жатқанын жарыса жазды. 

"Димаш жақын досының тойында ән шырқап жатыр, білмей жатып сөйлемеңдер!", "Қазақстанда Димашты тойына шақыруға ешкімнің ақшасы жетпейді", "Тойларда ән айту сенің дәрежең емес. Оян, Димаш", "Досының өтінішін жерге тастамаған қарапайым бала ғой", "Димаш та ет пен сүйектен жаралған адам", деп жазды олар.