$ 479.38  531.63  5.27

«Бриллиант пен бренд жауған күн»: Айнұр Тұрсынбаева тағы да дүркіретіп той жасады(ВИДЕО)

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қуанышқа ортақтасып жатыр. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева немересі Әлемнің бір жасын жасап, тұсауын кесті. Ол Ыстамбұл қаласынан ұшып келіп, Алматыда өнердегі дос-жаранның басын қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Әлемнің тұсауын әлемге қазақты танытқан адам кесуі керек деп ойладық. Біреуі – менің туған ағам, біреуі – туған бауырым. Туған ағам – Қыдырәлі Болманов, қазақтың өнері үшін бүкіл өмірін арнаған қазақтың азаматы. Қаншама қазақ баспаналы болсын деп қазақ үшін түн ұйқысын төрт бөлген Дәулет Мұқаев арнайы Астанадан келіп тұр", – деді той иесі. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қуанышқа ортақтасып жатыр. 

“Бақытты балалық шақ тілеймін, ата анасы аман болсын! Аллахым артынан іні-қарындастарын берсін", “Бриллиант пен бренд жауған той болыпты”, “Алтын комплекті Қайрат Нұртастың мамасы ұтып алған”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 18
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары