$ 480.55  533.75  5.36

«Ұрпаққа қиянат жасап отыр»: Жеңіс Ысқақова тоқалы бар депутаттарды жұмысынан қууды ұсынды

Бір мүшесінің рахаты үшін ұрпаққа қиянат жасап жатқанын біле ме екен?! 

Фото: instagram.com/zhenisiskakova
Фото: instagram.com/zhenisiskakova

Әнші Жеңіс Ысқақова тоқал алғыштарды жазалауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Adal Adam» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Шоу-бизнес өкілінің пайымдауынша, тоқал алғыштар ұрпаққа қиянат жасап отыр.

«Қазір тоқал алғандардың дәуірі жүріп тұр. Ертең қызғаншақ, сорлы халық болатынымызда шаруалары жоқ. Бір мүшесінің рахаты үшін ұрпаққа қиянат жасап жатқанын біле ме екен?! Совет үкіметі кезінде бір келіншекпен жүріп қойғаныңды біреу біліп қойса, сені партиядан, жұмыстан шығарып, қаралап қуып жіберетін. «Сен отбасыңа, жұмыс жасап жүрген ұжымыңа кір келтірдің, басыңды алып жүре алмадың. Сен тәннің жетегінде кетіп қалдың, сендей адам мына жерде жұмыс істей алмайды, сендей адам дұрыс ақыл бере алмайды» деп қуғынға ұшырататын. Ал қазір сол заңды біз қолға алмайынша ештеңе тоқтамайды. Сондықтан да бүгінгі күні біздің үкімет, депутаттар тоқалы бар ма, басқасы бар ма ол заңды алған ба, алмаған ба табыңыздар да оларды қуып жіберу керек. Бұлардың барлығы ұрпаққа қиянат жасап отыр», - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 7
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары