$ 471.83  505.66  5.4

«Өздеріңе туып алыңдар»: Роза Рымбаева тұңғыш немересін қолына алатынын айтқан

Әжесі күніне кем дегенде екі-үш рет келеді. 

Фото:  www.instagram.com/aliokapov
Фото: www.instagram.com/aliokapov

Танымал музыкант Әли Окапов пен жары, қобызшы Ақерке Бүркітбай Qazaqstantv арнасының  «1001 түн» бағдарламасында отбасылық қарым-қатынасы жайында баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Роза Рымбаеваның әже болғалы өзгергенін айтқан Әли Окапов анасының немересіне деген ерекше махаббаты жайлы түсіндірді.

Әжесі күніне кем дегенде екі-үш рет келеді, таңертең, түсте және кешке жуындыру кезеңіне міндетті түрде қатысады.  Одан кейін  тамақ ішіп кетіңдер деп үйге шақырады. Сондықтан өте жақын, өте ерекше байланыстары (бар). Ол өзгерді Өйткені бірінші немере әрқашан да бөлек болады ғой. Анамның сөзі бойынша маған қатты ұқсайды (баласы – ред.). Сондықтан мені қайтадан көргендей болып тұр, сәби кезімді. Соған байланысты шығар, білмеймін. Иә, әжесі өте қатты жақсы көреді, - деді Әли Оқапов.

Ақерке Бүркітбай енесінің  тұңғыш немересін бауырына басқысы келетінін растады.

Менің үйімде боласың, ағылшын тілін үйретуіміз керек, бірге саяхаттаймыз, мен алам да кетем, өздеріңе туып алыңдар дейді, - деп ағынан жарылды Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыруға 10 млн теңге жұмсай ма? 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 48
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары