$ 494.87  520.65  4.91

«Анамыз сыпырғыш, оқтаумен ұратын» – әнші Досымжан Таңатаров

Ол жыласаң да ұрсады, «неге жылап жатырсың?» дейді. 

Фото: instagram.com/dossymzhan_tanatarov
Фото: instagram.com/dossymzhan_tanatarov

ҚР еңбек сіңірген әртісі Досымжан Таңатаров балалық шағын есіне алды. Оның айтуынша, бала кезінде анасынан талай таяқ жеген,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі бұл туралы «1001 түн» бағдарламасына қонаққа келгенде айтып берді.

«Біздің заманымызда ата-ананың беделі үлкен мәнге ие еді. Баяғыда әкелерімізді құрметтеуді, анамыздан көретінбіз. Бізді қорқытса да, әкемізді айтатын. Бірақ менің әкем еш уақытта зекіп, ұрсып-ұрған емес. Бірақ оның қасында анамнан таяқтың көкесін жедік. Сыпырғышпен ұрып, оқтаумен сабайтын. Қуып жүріп ұратын. Анамның қатал тәрбиесін көрдік. Сонда «әкең келеді» деп қорқытатын. Ал әкем біртоға кісі болды. Ол кісі маңдайымнан сүйген емес. Мен 2000 жылы Астанаға жұмысқа кетіп қалдым, жарты жылдай жүрдім. Сосын ауылға келгенде, әкем маңдайымнан сүйді. Оны көргенде іштей қуанып қалдым. Өйткені үш баласы мен үш қызы қасында болды, алыстан келген тек менмін. Өзім сағынып келсем де, мұндай әрекет күтпедім. Маңдайымнан сүйгенде жүрегім елжіреп кетті. Ол жыласаң да ұрсады, «неге жылап жатырсың?» дейді. Иә, қатігез болып көрінген шығар, бірақ сонысымен әке», – деді Досымжан Таңатаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары