Өзім де қатыссам ба деп қоямын.
Танымал әнші Ерке Есмахан желіде қарым-қатынасты жақсарту туралы сатылып жатқан курстар туралы айтып, ондай "білгіштерге" сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, күйеуі екеуінің атын пайдаланып, курсқа мысал ретінде қосатындар көбейген.
“Ерке Есмаханның құпиясы, техникасы, энергиясы, тіпті Райм мен Еркенің махаббатының сырын айтып, үйретеміз деп жатыр екен көп білгіштер. Өзім де қатыссам ба деп қоямын. Не деген Ерке Есмахан ол сонша деймін да. Менің техникам – шынайылық. Қалғанына сенбеңіздер", – деп жазды әнші.