"Қыздар сіздерге тек осындай абьюзерді тілеймін", - деп жазды блогер.
Атышулы блогер әрі актриса Айжан Байзақова желіде ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасыеда жылап сәтінен видео жариялап, жазба қалдырды. Блогер бұл жазбасымен оқырмандарын шошытып қойды.
"Айтатын уақыт келді. Ол маған қол көтереді. Шашымды жұлып тастады. Үйден онсыз шығуыма рұқсат бермейді", - деп жазды актриса.
Алайда бірер секундтан соң оқырмандардың көңілі орнына түсті. Байзақова бұл жазбасымен кіші ұлы туралы жазған.
"Қыздар сіздерге тек осындай кішкентай абьюзерді тілеймін", - деп жазды блогер.