$ 475.18  510.72  5.47

«Жұлдыздың ата-анасын аузына алмайды»: Гүлзира Айдарбекова құдағиын жер-көкке сыйғызбай мақтады

Қыздан жалғыз болса да, Айгерамызды кішіпейіл, инабатты, көркем мінезді етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз!

Фото: instagram.com
Фото: instagram.com

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші ұлы Аянның келіншегі Айгерімнің анасының туған күніне арнап ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Құдағиым, туған күніңіз құтты болсын! Қыздан жалғыз болса да, Айгерамызды кішіпейіл, инабатты, көркем мінезді етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Ұл-қыз, немерелердің қызығын бірге көріп, құдам екеуіңіз 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулеріңізді жазсын Алла! Біз сізді отбасымызбен жақсы көреміз! Менің сүйікті оқырмандарым, сіздерге де осындай құдағи тіледім. Сіздерден де құттықтауларыңызды, ыстық лебіздеріңізді күтемін!”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары келіні Жұлдыздың анасын сұрап, жарыса жазып жатыр. 

“Жұлдыздың ата-анасын аузыңызға да алмайсыз, иә?! Сіз оны туған қызыңыз болып өзге әулетке келін етіп бергенде түсінер едіңіз! Тәрбиелі, кішіпейіл етіп дегенде Жұлдызды меңзеп, тіл тигізгеніңіз байқалып тұр. Жұлдыз сізге шыдады, енді жеңілмес”, “Бірінші келініне ерегісіп жазып жатыр”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 32
Күлкілі 7
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары