$ 494.87  520.65  4.91

«Әкесі балаларына көмектеспейді»: Динара Қырықбаева ажырасу себебін түсіндірді

Ер-азаматтар, әйелдерге қамқор болыңыздар! Әйелді түсінуге тырысыңыздар!

Фото: instagram.com/kyrykbayeva
Фото: instagram.com/kyrykbayeva

35 жасын дүркіретіп атап өткен Динара Қырықбаева жан сырын ақтарып, болашақ жарын жолықтырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Анна Данченкоға сұхбат беріп, жеке өміріне тоқталды. 

“Үш баламен ажырасқаным рас. Бұрын ойлайтынмын үйдегі мәселе сыртқа шықпауы керек деп. Бірақ ол дұрыс емес екен. Менің отбасымда да түрлі жағдай болды. Мен оны ешкімге айтпадым. Ажырасқан кезде де тек “үш баламен ажырастым” деп айттым. Содан кейін жеке өмір тақырыбына жолаған емеспін. 15 жылдан кейін сахнаға оралып жатырмын. “Бағала” әнін жазып, бейнеклип түсірдік. Ер-азаматтар, әйелдерге қамқор болыңыздар! Әйелді түсінуге тырысыңыздар! Экс-министрдің іс-әрекеті қоғамды шулатты. Содан кейін қыз-келіншектер күйеулерінен зорлық-зомбылық көргенін айтып жатыр. Менің парақшама өте көп жалғызбасты әйелдер жазады. Ақыл сұрап, кеңес беруімді сұрайды. Мен оларға ештеңе айта алмаймын. Өйткені өзімнің өмірім әлі жүйелі түрде бір арнаға түспеді”, – деді өнер иесі.

Сондай-ақ әншінің анасы да экс-күйеу баласына қатысты cөз қозғады. Динараның анасының сөзінше, немерелері өз қолында екен, ал туған әкесі болса балаларға қарайласпайтын да, көмектеспейтін де болып шықты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 11
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары