$ 494.87  520.65  4.91

Балжан Бидаш үйленбеген жігітке тұрмысқа шыға ма?

Үйленбеген, бірақ, ақылсыз болуы мүмкін.

Фото: instagram.com/bidash_official
Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Шоу-бизнес өкілі болашақта үйленбеген жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында болашақ ер азаматын таңдарда қандай қасиетіне ерекше мән беретінін айтып берді.

Желідегі оқырмандары оының үйленбеген жігітке ғана лайықты екенін жазған.

«Қазақтарда «ол ажырасқан» деген қалыптасып кеткен шаблон бар. Бірақ ол адамның өмірлік тәжірибесі сенен көп болуы мүмкін. Үйленбеген, бірақ, ақылсыз болуы мүмкін. Ажырасқан, бірақ ақылды болса екіншісін таңдар едім. Еркекке шынайылық жарасымды. Мықты әрі өзіне сенімді, намысты, сабырлы, ақылды болғаны жақсы», - деп жазды Балжан Бидаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары