$ 494.87  520.65  4.91

«Жылайтын қатын мен емеспін»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап қайтарды

Мені иттік жасады деп өз аузынан естіп па едіңіз, неге отбасымызбен араласып бәрін білетін адам сияқты отырсыз? 

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынға алған оқырманын орнына қойды. Ол келіні Жұлдызға арнап неге жазба жарияламағанын сұраған оқырманына қатаң жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Естеріңізге сал кетсек, кеше Гүлзира Үсенқызы екінші келінінің анасын туған күнімен құттықтап, әдемі жазба арнаған еді. Одан кейін келіні Әйгерімге де оқырман алдында алғысын білдірді. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Жұлдыздың ата-анасын аузына алмайды»: Гүлзира Айдарбекова құдағиын жер-көкке сыйғызбай мақтады

“Қалай мақтамайын, әлі ешқайсымыздың бетімізге келген емес, анасы қызына ақылын айтудан жалыққан емес, одан қалса ата-әжесі. Ең әдемі қасиеті – кешірім сұрай алады. Біздің үйіміздің сәні ғой, сәлемін де салады, орысша тәрбиелегенгеніне қарамастан. Тек көз тимесін!”, – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары үлкен келіні Жұлдызға не үшін жазба жарияламайтынын сұрады. Олар Қайрат пен Жұлдыздың бөлек тұрып жатқандарына жұлдызды енені кінәлады. Алайда продюсердің оған да берер жауабы дайын болып шықты. 

“Мені иттік жасады деп өз аузынан естіп па едіңіз, неге отбасымызбен араласып бәрін білетін адам сияқты отырсыз? Ұлдарым үшін қолымнан келгеннің бәрін жасағаным кінәм болса, өсекті өрбіте беріңіз. Сіздер қаншалықты келіндерді азғырып, жаныма тиетін сөз айтсаңыздар да, сырымды айтып жылайтын қатын мен емеспін. Қай келінім болса да, менің өмірімнің жалғасы, әулетімді жалғастырып отыр”,  – деп жауап берді Гүлзира. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 2
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары