$ 494.87  520.65  4.91

«40-қа келемін ғой»: Әлішер Каримов қандай косметологиялық қызметтер қолданатынын айтты

Сахнада жақсы көріну үшін өзіңе күтім жасау керексің.

Фото: massaget.kz коллажы
Фото: massaget.kz коллажы

Әнші Әлішер Каримов бетіне қандай ота жасатып, қандай кометологиялық процедураларды қолданатынын айтты,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші Асхат Садырбайдың  Media youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.

Пластикалық ота жасамадым. Көзімнің үстін кестім. Менен кейін бәрі кесе бастады. Сахнада жүргеннен кейін әдемі болып жүру керек. Қабағым түсіп кетті. Қашан ұйқыдан тұрсам да шаршаған бетімді көретінмін. Санкт-Петербургке бардым да, 40 минуттың ішінде жасаттым. Бетіме, жағыма, мұрныма укол саламын. 40-қа келемін ғой енді. Оны жасырмаймын, бұл қалыпты жағдай. Косметологқа барып тұрамын. Бұл маған ұнайды, сонда барғанда демаламын. Сахнада жақсы көріну үшін өзіңе күтім жасау керексің, - деді ол.

Сондай-ақ өнер иесі омыртқасының қисықтығына байланысты Оңтүстік Кореяда ота жасатқанын да жасырмады. Әлішер Каримов құны бір пәтердің бағасына шыққан отаның  бүгінде рахатын көріп жүргенін жеткізді.

11 сағат омыртқама ота жасады. Бірнеше сағат бойы наркоздың астында жаттым. Жасатқаным дұрыс болды. Омыртқамның ауырғаны, қисықтығы кетті. Отаны Оңтүстік Кореяда жасаттым. Құны бір пәтердің бағасына шықты. Бұрын екі сағат концерт берсем, екі сағат  грим бөлмесіндегі керуетте жататын едім. Ал қазір бір күнде 3 концерт бере аламын. Омыртқам ауырмайды, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары