$ 475.18  510.72  5.47

Есіртке мас күйде ұсталған: Төреғали полицейлер туралы клип түсірді (ВИДЕО)

Ол сот шешімі бойынша 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған. 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Әнші Төреғали Төреәлі 23 маусым Қазақстан полициясының күніне арнап ән мен бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері. Сіздерді «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын»,- деп жазды әнші.

Айта кетейік, бейнебаянға арқау болған әннің авторы белгілі композитор Құрал Молжанов, сөзін ақын Қайнар Алагөзов жазған.

Еске салсақ былтыр Төреғали Төреәлі Алматыдағы Майлин көшесінде Lexus маркалы автокөлігін есірткіге мас күйінде жүргізіп ұсталған еді. Ол сот шешімі бойынша 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары