Жаңалықты өздеріңіз де көрген шығарсыздар?! Күннің ыстығына байланысты қаншама жолаушы жолда қаза тапты.
Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасының Меккеден оралғанын айтты. Ол қажылыққа кеткен жолаушыларға қатты алаңдағанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Бір айға созылатын сапарға жіберер алдында біраз уайымдадым. Ауа райы, жол, жаяу көп жүруге шыдай ма, денсаулықтары сыр бермей ме” деп уайымдағаным рас. Бірақ Алланың қалауымен ұлы сапардан аман-есен оралды. Әр мұсылман перзентінің жақсы арманы осы шығар?! Мен ұзақ армандаған едім. Оңай сапар болған жоқ. Жаңалықты өздеріңіз де көрген шығарсыздар?! Күннің ыстығына байланысты қаншама жолаушы жолда қаза тапты. Дәл сол күндері менің ата-анам сол жақта еді. Кейде байланыс болмай, хабарын біле алмай отырдық. Сол кездегі менің күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес”, – деп жазды актриса.