$ 494.87  520.65  4.91

«Ұятсыз әйел – тұзсыз ас»: «Меломен» тобының әншісі оқырмандарын ойландырып қойды

Блогер екі жылда бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. 

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қоғамда біраз шу тудырған бұрынғы ерлі-зайыптылар "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы мен журналист-блогер Нұрилла Ақбергеннің тартысы жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін танымал журналист әрі бьютиблогер Нұрила Ақберген экс-күйеуінің екі жылда бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді.

Оған әнші де көп күттірмей парақшасында екіойлы мақал жариялады.

Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді.  Жақсы мақал екен, - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің бұрынғы әйеліне жасаған қылығына қатысты біраз сын жазып, блогерді қолдады.

"Факт  - ұрдыңыз, 1045 өлең шығарып ақталсаңыз да", "бітті, сендердің дәуірлерің", "байкот", "имандымын дейсіңдер, имандарың әйелге қол көтеруді ақтап тұрса, онда ол сендердің түсініктерің мен имандарың" деп жазды олар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  «Резонанс жасауымыз керек пе?»: «Меломен» тобының әншісі бұрынғы әйеліне алғаш рет алимент төледі          

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 13
Күлкілі 5
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары