$ 472.57  508.34  5.4

«Мақпалға оңай емес»: Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділовтің үйін мұражайға айналдыруды ұсынды

Басқа әйел болса, баяғыда-ақ сатып жіберетін еді.

Фото: Сұрауы бар, видеодағы кадрдан алынды
Фото: Сұрауы бар, видеодағы кадрдан алынды

Композитор Қалдыбек Құрманәлі марқұм болған Заманбек Нұрқаділовтің үйін мұражайға айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол “Ашық подкаст” ютуб-каналына берген сұхбатында айтты.

Композитор алдымен Нұрқаділовтің шаңырағын көзінің қарашығындай сақтап отырған елге белгілі әнші Мақпал Жүнісоваға алғыс білдірді.

Оның пайымдауынша, Мақпалдың орнында басқа әйел болғанда үйді баяғыда сатып жіберетін еді.

“Халықтың сүйіктісіне айналған марқұм Заманбек Нұрқаділовпен араласқан адаммын. Жақсылығын көрдік, араластық, іні болдық, қамқорлығын көрдік. Мақпалға үйленгеннен кейін де, достығымыз үзілген жоқ. Ол кісі менің шығармашылығымды қолдады. Мақпал бірнеше әнімді орындап жүр. Әлі күнге дейін сыйластығымыз бар. Халық үшін Мақпал тұзы жеңіл секілді көрінеді. Бірақ ол – тағдырлы әнші. Мақпал мен Заманбектің қосылуы кезінде де бір дүрбелең болған. Зәкеңнің қайтыс болғанына – 20 жыл. Өзіңіз ойлаңызшы, Мақпалдың орнында басқа әйел болса, Зәкеңнің үйін қажет деп санамай сатар еді. Мақпалға біз рахмет айтуымыз керек. Қара шаңырақ етіп, ұстап отыр. Өз үйінде өзін "үш рет атқан" марқұмның тағдыры қиын болды. Мақпалға да оңай емес. Үш рет оқ атылған үйді мұражай секілді алып қалды. Мұны Мақпалдың Зәкеңе деген адалдығы деп білемін. Екі үйді қатар ұстап отырды. Сондықтан да мен қай кезде де Мақпалдың жағындамын және оны қолдаймын. Негізі ол үйді мемлекет өзіне алуы керек. Болашақта мемлекет сол үйді мұражайға айналдырып, сол көшені Зәкеңнің атымен атаса, тіпті керемет болар еді. Мақпалдың мықтылығы, Зәкеңнің құжаттары, бұйымдары, киімдері – бәрін сақтаған. Дайын мұражай деп айтар едім. Сол үшін мемлекет мұражайды сатып алу керек", – деді композитор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары