Ата-анасы мына өмірде барлар, қандай бақыттысыңдар. Бағалаңдар.
Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында өмірдегі үлкен өкінішін жеткізді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 28 маусым әкесінің өмірден өткен күні екенін жазған.
Бүгін әкемнің өмірден өткен күні. Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні кешкі сағат сегіздерде әкем бізбен қоштасты.Жандарыңыз жәнәттық болсын асқар тау әкешім, аяулы анашым. Дүниеде әкеңе еркелеуден асқан бақыт бар ма? Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ сағыныш деген сезім алқымдап тұншықтырып тұр, деп жазды ол.
Сондай-ақ актер ата-анасы барларға өз ақылын айтты.
Әке-шешең өмірден өткенде екі өкініш қалады.
1. Неге жақсылық жасамадым.
2. Жасасаң, неге бұдан да көп жасамадым екен деген… Ата-анасы мына өмірде барлар, қандай бақыттысыңдар. Бағалаңдар. Жақсы көріңдер. Беттерінен қайта-қайта сүйіңдер. Сыйлық жасаңдар. Жағдайын сұраңдар. Көңілдерін көтеріңдер. Барынша батасын алыңдар. Бақыт батада", - деп жазды актер.