Cалт бойынша иіліп сәлем берді.
Әлеуметтік желіде абысынды-келін екі әженің қалжыңы елді тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тик-ток желісінде тараған видеодан 80 жастағы келіннің 95 жастағы абысынына салт бойынша иіліп сәлем беріп жатқанын көруге болады.
"Жеңеше, көп жаса, сәлем бердік" деп сәлем салған келініне риза болған абысыны «ұл тап» деп бата береді.
Желі қолданушылары әдемі әзілге риза болып, қалжыңды одан әрі іліп әкетті.
"Ұл табатын атасы тірі ме екен", "Күйеуі қайтса сәлем салмайды ғой, тірі боп тұр ғой", "Күлсең, кәріге күл деген", "Біз де 100 жасқа жетіп, қалжыңдап отырайық", "Барлық қыз-келіншектер осылай қартайсын" , - деп жарыса пікір жазды оқырмандары.
Қазірдің өзінде 53 мыңнан аса лүпіл жинаған видео 18 мыңнан аса бөлісілген.