Марқұмның ағасы Айтбек Айтымға алғысын білдірді.
Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға арнаған әнін әлеуметтік желдегі оқырмандарының назарына ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Әнші бейнебаянның үзіндісін Instagram-дағы парақшасында жариялап, астына марқұмның ағасы Айтбек Айтымға алғысын білдірді.
Бұл жантүршігерлік жағдай туралы бүкіл елмен бірге білдім. Мен де жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, дұға еттім. Бірақ бұл жағдайда бар қолымнан келгені - Салтанатқа арнап ән жазу. Айтбек сізге ризамын, алғысым шексіз. Отбасыңызға бұл үлкен ауыр соққы әрі сынақ болды. Сіздерген денсаулық пен күш-қуат тілеймін. Бұл ән жүрекке жетеді деген үміттемін", - деп жазды Ахмадиева.
Марқұм Салтанат Нүкенованың суреттері қолданылған бейненің астына Айтбек Айтым әннің сезімге толы сөздерін бөлісіпті.
Аспаннан жаңбыр болып төгілсеңде Ғарыштан жұлдыз болып көрінсеңде Өкініп жүрегіңді қайта берсең де Сүймеймін енді қайтып сені мүлде Қайырма: Кешірім сұрасаң да енді кеш Екеуміз деген тек қиял елес Өтірік өкініштен не пайда? Бәрі бір енді кеш Шағымым бұл өмірге ренішім жоқ Сүйгеніме өмірім мен берерім көп Жүрегіңмен тыңдамадың түсінбедің Енді менің өкінішке еш шарам жоқ Әнді желі қолданушылары өте жылы қабылдап, «керемет, әннің сөзі жүрекке жетті, не деген шынайы орындау, көзіме еріксіз жас оралды» деп ризашылығын білдіріп жатты.
Тағы бір оқырман бұған дейін жарық көрген Ресей композиторы әрі әншісі Максим Фадеевтің «Салтанат» әнімен салыстырды. Максим Фадеев Салтанатқа ән арнаған еді. Ол ән де тамаша, Макстың барлық шығармашылығы керемет. Бірақ Салтанатқа туған тілінде ән арнау – бұл донорға өз группасының қаны табылғандай, барлық пазлы сай келіпті. Тіпті өз тіліңде қайғыру да өз ДНК-аң сияқты жаныңа жақын, - деген пікір қалдырыпты оқырманы.