$ 494.87  520.65  4.91

«Мақсаты - аяқтан шалу»: Абай Бегей қызын «алаяқ» деп айыптаған заңгерге жауап берді

Қызыма да қара күйе жағылып кетті.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Абай Бегей блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлованы “алаяқ” деп айыптаған заңгерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жариялады. 

Айта кетейік, “Алаяқ.нет” жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қыздары ұйымдастырып жүрген лотереяға қарсы шыққан еді. 

Ерке әуелден блогерлікпен айналысады. Мен оның сферасын білмейтін болғасын, онша хабарым жоқ. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салығын төлеп жатыр. Бәрі заң жүзінде жүзеге асып жатқан шаруалары. Бірақ жарнама жасап, телефон сатқанын білемін. Оны менің қызымнан басқа да көп блогер жарнамалады. Айнұр Асқарқызы да жеке парақшасына салды. Одан кейін ол кісі алаяқ болып шықты. Оны блогерлер де білмей қалды. Сол кезде қызыма да қара күйе жағылып кетті. 

Кешеден бері маған бірнеше адам жіберіп жатыр. Мені ол кісіні бұғаттап тастадым. Өйткені ол менің рұқсатымсыз фотом мен суретімді жариялапты. Ол менің қызым болғанымен, мен оның тірліктеріне араласпаймын. Тікелей қызыммен байланысса болар еді. Тұрмыс құрған, күйеуі мен бала-шағасы бар. Басқа қыздарыма қатысты мәселе болғанда араласушы едім. Өйткені олармен бірге тұрамыз, бой жетіп, тұрмыс құрғанша менің жауапкершілігімде болады. Әкесі танымал адам деп, оңды-солды кез келген жерге мені белгілей берген. Заң білмейтін заңгер ме?! Мен ол жігітті танымайды екенмін, бірақ адамдардан сұрастырып жатырмын. Заңгерліктен гөрі, блогерлікке жақын жігіт екен. Мақсаты – блогер мен әншілерді аяқтан шалу. Солардың тірліктерін әшкерелеп, өзіне оқырман жинау. Жазғандарынан-ақ мақсаты белгілі болды. Қазір гастролдік сапармен Ақтау қаласында жүрмін. Алматыға жеткесін заңгер мен құқық қорғаушылармен жүздесіп, мәселені қолға аламын, – деп жауап берді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары