Ғашық болайық десек кәрі сияқтымыз, өлейін десең жас сияқтысың.
Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы адамның жас ерекшеліктеріне байланысты ой қозғап, қыз-келіншектермен сырласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Медиа саласының өкілі замандастарына жігер беріп, қанша жасқа келсе де, мойымауға шақырды.
“Баяғыда біреу: “40+ деген өзі бір қызық жас екен. Ойнап-күлейін десең, жас емес сияқтысың, бала табайын десең кеш, немере бағайын десең әлі ерте сияқты. Не істейміз өзі?”, – депті. Бірақ байқайсыз ба, бұл жаста сізді оңайлықпен ешкім алдай алмайды. Төркінге емін-еркін бара аласыз. “Апай, өтіңіз, отырыңыз” деп жастар орын береді. Айта берсең, ұтар тұсымыз көп. Сондықтан қыздар, тек алға! Мойымаймыз!”, – деп жазды тележурналист.
Журналистің оқырмандары түрлі пікір білдіріп, жас кездерін есіне алып жатыр.
“Менің де жолдасым мезгілсіз дүниеден өтті. Орта жаста қалып қойғасын, емін-еркін жүре алмаймыз”, “Әйелдерге арнап курс ашып, тренинг жүргізіңіз”, “Ғашық болайық десек кәрі сияқтымыз, өлейін десең жас сияқтысың”, “40 жасқа келіп, қыз туып отырмын”, “Ең маңыздысы – өзіңді жоғалтпау”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.