Атың шығып тұрса да жер өрте болды ғой.
NNN лақапатымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын мен Ерболат Жанабыловтың көлік ішінде бассейн құрып, суға түскен видеосы халықтың сынына қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогерлер видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, "Жаздың ортасы болды. Ал сен әлі шомылмадың" деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары блогерлердің бұл қылығын сынап тастады.
"Біреуі тойып секіреді, біреуі тоңып секіреді", "Айыппұл құтты болсын, жігіттер", "Сендер қуайын депсіңдер", "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Біреулер нан таба алмай, отбасын асырай алмай жылап жүрсе, біреулер тойынғаннан көлік ішінде суға түсіп жүр", "Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын", "Атың шығып тұрса да жер өрте болды ғой", "Ақшам бар деп ойына келгенін істеп құтырғандар", - деп жазған оқырмандар.
Ал тағы бір оқырман уақытын қызыққа жұмсаған блогерлердің аянышты көрінетінін жазған.
Біздің блогерлер неге ақылға қонымды нәрсені көрсете алмайды? Дағдарысқа ұшырататын емес, дамытатын адамды. Сіздің алтындай уақытыңыз бен күш-жігеріңіз бір мезеттік қызыққа жұмсалғаны, өкінішті. Шүрім-бүрімге бас ауыртатын адам сырттай аянышты көрінеді, - деп жазған пікір қалдырушы.
Ал Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі:
Tank автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады.