$ 494.87  520.65  4.91

Димаш қытайлық CGTN телеарнасының «Идеялар өзгеріс әкеледі» жобасына қатысты

Ол Қытай халқына әлемге танытқаны үшін шексіз риза.

ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында «Идеялар өзгеріс әкеледі» бағдарламасында қазақ-қытай достығын дамытуға зор үлес қосқан тұлғалар қонақ болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түсірілім Алматы қаласында өтті деп жазды Dimashnews сайты. 

Жобаның бас кейіпкері Димаш Қытайдағы көктем фестивалінде алғаш өнер көрсеткен кезде басынан өткен жағдайларды айтып берді.

Ең танымал перформансым ретінде есімде мәңгі қалып кетті. 2018 жылы достарым Тиа Рэй және Сяо Цзинтенмен бірге өнер көрсету құрметіне ие болдым. Біз қытай тілінде ән айттық. Қатты уайымдағаным есімде. Әрине, сахнаның алдында қобалжу, жауапкершілікті сезіну — қалыпты жағдай. Соған қарамастан ол кеш көңілді және тамаша өтті! Дәл осы сәт маған Қытайдағы фанаттар санын көбейтуге көмектесті. Ал I am a Singer шоуына қатысқаннан кейін Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде үлкен концерттерде өнер көрсете бастадым, — дейді орындаушы.  

Ол Қытай халқына 22 жастағы Димашты әлемге көрсетіп, танытқаны үшін шексіз риза.

Мойындауым керек, осыдан кейін менің өнердегі тасым өрге домалай бастады. Жалпы қытай көрермендері менің жүрегімде ерекше орын алады. Қытайға қанша барсам да, қанша рет өнер көрсетсем де, олардың маған деген сый-құрметі мен махаббаты мені таңқалдырады. Солардың арқасында шабыттанып, жұмыс істеп, еңбектенуге екі есе талпына бастаймын, — дейді Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары