"Төреғали тентек болғанымен, халық оны жақсы көреді”.
Әнші Төреғали Төреәлі ерекше образбен ел алдына шығып, елді таңғалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоу-бизнес өкілі Алматының Арбат алаңында шал кейпінде ән шырқады.
“Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға. Бүгін кешке бірдеңе бүлдіреміз. Осындай шал болғанша елге қызмет ету бұйырсын!”, – деп жазды әнші.
Көпшілік оның ерекше образын талқылап жатыр.
“Төрештен осындай шок контент ғана күтеміз”, “Не істесе де, айналасына адам жинала қалады”, “Төреғали тентек болғанымен, халық оны жақсы көреді”, “Ұлы Арбат атасы болды”, “Даусынан бірден таныдық”, – деп жаза жөнелді желі қолданушылары.