Жерде ғана емес, Астананың аспанында да кептеліс болды.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әбден мақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Астанадағы ШЫҰ ұйымының саммитінде шетелден келген қонақтармен емін-еркін сөйлескен мемлекет басшысына тәнті болды.
«Ондай президент кімде бар? Мәртебелі меймандарды ағылшынша, орысша, қытай тілінде, өзбек тілінде еркін сөйлеп, қарсы алып жатты», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Шоу-бизнес өкілі Астанада саммитке байланысты болған кептелісті де сөз етті.
«Жерде ғана емес, Астананың аспанында да кептеліс болды. Екі тікұшақ төбемізде тұрып алып, шыр көбелек айналып жүрді. Кептеліске бола ашуға бой алдырмай, Мәдениеттілік танытайық. Болашақ экономика, ғарыш, құрылыс, қауіпсіздік бағыттары талқылануда», - деп жазды актриса.