$ 494.87  520.65  4.91

Ұшақтағы төбелес: Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

Қайрат Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды.

Фото: Instagram/ kair_n
Фото: Instagram/ kair_n

Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды. Ол енді 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция «Алматы-Астана»  бағытындағы ұшақ бортында төбелес болғанын растады.

«Ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды. «Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі - «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», - делінген хабарламада.

Журналист Михаил Козачковтың telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек, төбелес шығарған азаматтар полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарды. Салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі оқиға орнында полиция шақырды. Төбелес шығарған екі азамат та полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қайрат Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды», - деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары