$ 480.55  533.75  5.36

«Төлеуге дайынмын»: Астанада Қайрат Нұртастың соты онлайн өтіп жатыр

Енді екінші сот Алматыда қаралады. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Әкімшілік кодекстің 434-бабы, 2 бөліміне сәйкес, 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. 

Сот барысында танымал әншінің заңды өкілі ретінде оның анасы Гүльзира Айдарбекова сөз сөйледі, оның айтуынша, жәбірленуші мен Қайрат – екеуі дос.

«Барлық ер адамдар арасында болып тұратын келіспеушілік туындаған. Жәбірленуші ұрамын деп емес, байқаусызда ұлымның арқасынан ұрды, ол соған жауап ретінде қол көтерді. Айтайын дегенім, ашу бәрінде болады, бір-бірін кешіреді деген ойдамын, ешкімнің басы жарылып, өзгеге кесірі болған жоқ», – деді Айдарбекова.

Жәбірленуші Бекқайыров Қайрат Нұртасты кешіргенін, оған ешқандай шағымы жоқ екенін растады, дегенмен, оның айтуынша, әртіс бірінші жұдырығын ала жүгірген. 

Кейін сотталушығы соңғы сөз берілді, Нұртас кінәсін мойындады, бірақ концерттер мен тойлардың көптігінен, қамауға алынбауын сұрады.

«Мен кінәмді мойындаймын, бірақ жазаны айыппұл түрінде шығарсаңыздар, өйткені алда жоспарланған концерттерім мен тойларым көп. Төлеуге дайынмын», – деді әртіс. 

Нұртастың қорғаушысы жәбірленушінің шағымы жоқтығын ескере отырып, жазаны 173-баб бойынша қысқартуды сұрады. Ал прокурор жаза ретінде әртісті Әкімшілік кодекстің 434-бабы, 2 бөліміне сәйкес, 15 тәулікке қамауға алуды жөн көрді.

Сот төрағасы шешім шығару үшін арнайы бөлмеге кетті. Соттың қаулысы сағат 14:30-да жарияланады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 9
Күлкілі 18
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары